Өнімнің сипаттамасы:
АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
• Техника парктерінде қолданылатын майлау материалдарының номенклатурасын айтарлықтай төмендетуге және сол арқылы ықтимал қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.
• Қозғалтқыштар, (GL-4, TO-4) трансмиссиялар және гидравликалық жүйелер (HK/HV) үшін қасиеттерінің жоғары деңгейі (E9/CJ-4)бар май.
• Ұзартылған ауыстыру аралығын, соның ішінде өндіруші рұқсат еткен максималды аралықты қамтамасыз етеді.
• Отынды үнемдеуге және CO2 тастандыларын азайтуға мүмкіндік береді.
• Күлділігі аз формула күйе сүзгісі, таңдаулы катализатор және 3 компонентті каталитикалық бейтараптандырғыш сияқты пайдаланылған газдарды кейін өңдеу жүйелерімен жабдықталған қозғалтқыштар үшін ұсынылған.
ҚОЛДАНУ
• TOTAL STAR MAX FE 10W-30 майы соңғы буынның дизель қозғалтқыштарын, әсіресе TIER 1,2,3,4 (Еуро 1,2,3,4) стандарттарына жауап беретінн қозғалтқыштарды сенімді майлауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кішігірім бензин немесе газ қозғалтқыштарында және поршеньді компрессорларда да қолдануға болады.
• TOTAL STAR MAX FE 10W-30 жоғары сапалы сүзгілермен жабдықталған жоғары немесе төмен қысымды барлық гидравликалық жүйелерде қолданыла алады.
• TOTAL STAR MAX FE 10W-30 заманауи және ескі үлгідегі механикалық беріліс қораптарында, сондай-ақ күштік берілістерде қолдануға болады.
• TOTAL STAR MAX FE 10W-30 жоғары тұтқырлық индексінің арқасында жыл бойы қолданылуы мүмкін.
- Майдың жоғары аққыштығы төмен температуралар кезінде қозғалтқыштың оңай іске қосылуын қамтамасыз етеді.
- Жоғары температуралар кезіндегі жоғары тұтқырлық май пленкасының оңтайлы қалыңдығын қамтамасыз етеді және гидрокрекингтік базалық компоненттің арқасында май шығынын азайтады.