Өнімнің сипаттамасы:
0W-30 МОТОР МАЙЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
• Қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту: отынды үнемдеу M111 FE ресми тест нәтижелері бойынша 3.33% және ACEA A3/B4-08 пр оцедурасына сәйкес 5W-40 маймен салыстырғанда NEDC тестінде өлшеу нәтижелері бойынша 4.2% аса құрайды, CO2 тастандыларын өлшеуге арналған ресми тест. Бұл халықаралық стандарттарға қатысты PEUGEOT және CITROEN талаптарын сақтауға кепілдік береді.
• Пайдаланылған газды толық тазарту жүйелерін қорғау: олардың күйемен бітелуінен және шөгінділердің пайда болуынан қорғай отыра, пайдаланылған газдарды толық жағудың үш компонентті катализаторының және күйе сүзгілердің жұмысын оңтайландырады. Осылайша, NOx, HC және CO шығарындыларын азайтуға көмектеседі. NOx, HC және CO шығарындыларын азайтуға көмектеседі
• Қозғалтқыш қорғанысы және тазалығы: бұл май қозғалтқыш іске қосылған сәттен бастап тозудан және шөгінділердің пайда болуына қарсы өз санатында ең жақсы қорғауды ұсынады.
• Оңай бос іске қосу: мотор майының 0W-30 тұтқырлық класы арнайы қосымдармен бірге өте төмен температуралар кезінде қозғалтқышты іске қосуды жеңілдетеді (жүргізілген сынақтарға сәйкес -40˚С дейін).•
• Ауыстыру аралықтары: TOTAL QUARTZ INEO FIRST 0W-30 PEUGEOT және CITROEN ұсынған сервистік жоспарларға сәйкес өз қасиеттерін сақтайды.
ҚОЛДАНУ
• TOTAL QUARTZ INEO FIRST 0W-30 мотор майын PSA PEUGEOT CITROEN концерні бірінші құйылатын мотор майы ретінде қолданылады және PEUGEOT пен CITROEN сатудан кейінгі қызмет көрсету үшін ұсынылады.
• Синтетикалық технология бойынша әзірленген мотор майы қозғалтқышты тозудан және шөгінділердің пайда болуынан барынша қорғауды қамтамасыз етеді. Аз күлді формуласының арқасында (күкірттің, фосфордың және құрамында металл бар компоненттердің төмен құрамы) май жағармайға сезімтал және қызмет көрсетуде қымбат пайдаланылған газдарды жете тазалау жүйелерінің ұзақ және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.•
• Осы мотор майын қолдану жүргізу стилін өзгертуді талап етпей, отынды үнемдеуге қол жеткізуге көмектеседі. Жағармай материалға барынша талап етілетін пайдалану жағдайлары үшін қолайлы («есіктен есікке дейін» жүру, спорттық жүргізу, қозғалтқышты жиі іске қосу, қала немесе автомагистрал бойынша қозғалыс).
• TOTAL QUARTZ INEO FIRST 0W-30 әсіресе PSA концернінің соңғы үлгілерінің қозғалтқыштарында, атап айтқанда, «старт-стоп» жүйесімен жабдықталған e-HDI және соңғы буындағы мотор майларын талап ететін гибридті қозғалтқыштарда қолдану үшін жақсы.